389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Сенат депутаттары әскери мекемелерде болды

  • 498
  • UPD: 22:33, 19.09.2017

Бүгін Алматыда Сенат депутаттары бірнеше әскери мекемеде болды. Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар алдымен құрлық әскери институында жеке құраммен және оқу орнындағы материалдық-техникалық базамен танысты.

Институтты жылына 400 сарбаз тәмамдап, лейтанант шенін алып шығады. Соңғы жылдары оқыту әдісі мен заманауи техника да жаңарып келеді. Ал Шекара қызметі академиясында сенаторлар күзет қызметі мен қорғаныста қолданылатын қару-жарақтарды көріп, Қазақстанда жасалған әскери техникалармен танысты. Кинологиялық орталық жұмысының ерекшелігі де айтылды. Депутаттар академияның жұмысын жоғары бағалап, елімізде әскердің беделі артып келе жатқанын атап өтті.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

– Қандай жағдайды шешу керек, депутаттардан не қалайсыздар деген сұрақтармен келіп отырмыз. Өте ашық әңгіме, бұрынғыдай емес. Бәрін бояп, жылтырайтын жағын ғана көрсететін жағдай бізге керек жоқ. Шын сөз болу керек. Өйткені біз де өзіміздің уақытымызды босқа өткізбейік осы жерде, пайда тисін деп келіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы