389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әскерге шақыру шаралары 15 қыркүйектен қазанның ортасына дейін жалғасады

  • 666
  • UPD: 14:18, 20.09.2017
Әскерге шақыру шаралары 15 қыркүйектен қазанның ортасына дейін жалғасады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктері қазақстандық әскердің элитасы болып есептеледі.

Ең үздік әскери қызметшілерді бір арнаға тоғыстырған қызметтің бұл құрылымдық бөліністеріне іріктеу басымдылықпен әрі қатаң талаптарға сай жүргізіледі.

2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес жылына 2 рет республика бойынша бозбалаларды әскерге шақырту жұмыстары жүргізіледі. Биылғы науқан қыркүйек айының 15-і мен қазан айының 20-на дейін жүргізіледі.

Мәселен, былтырғы көктемгі шақырту бойынша ел аумағында 18-27 жас аралығындағы, әскерден шеттетілуге құқығы жоқ, сондай-ақ уақытылы шақырту бойынша әскери борышын өтемеген ер-азаматтардың 30 мыңға жуығы әскерге жарамды болып танылды.

Өткен жылдан бастап күшіне енген ҚР Қылмыстық кодексінде әскери қызметтен бас тарту жауапкершілігіне қатысты арнайы бап қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы