384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Келімбетов: АХҚО «крипто алқапқа» айналады

  • 403
  • UPD: 15:47, 20.09.2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы «крипто алқапқа» немесе «крипто айлаққа» айналады.

Орталықты басқарушы билік өкілдері осындай болжам жасады. Олардың сөзіне сенсек, әлемде крипто валюталарға сұраныс жоғары. Тіпті АҚШ пен Сингапурда «виртуалды ақша» саналатын бұл қаржы құралын кеңінен қолдану туралы бастама көтерілді. Сондай-ақ сала мамандары Астананың алдағы уақытта офшорлық аймаққа айналатынын айтады. Себебі Қазақстан Ресей, Қытай және Еуропа елдерінің ортасында орналасу арқылы қаржы айналымын қамтамасыз етуге зор мүмкіндік алады.

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

– «Офшо» деген сөзді көпшілік дұрыс түсінбейді. Бірақ оның бірнеше мағынаны білдіретінін атап өту керек. Мәселен, Лондон әлемдік деңгейдегі қаржы орталықтары байланысатын офшорлық аймақтың бірі. Сондықтан бізге «мидшор» деген сөз көбірек ұнайды. Айта кетейік, Қазақстан жаһандық бастамаларды үнемі қолдап, ақшаны жымқыру ісіне қарсы ұдайы күрес жүргізеді. Осы орайда біз Сингапурдегі қаржы орталығының ұстанымына сай жұмыс істеуге мүдделіміз.

Жалпы баспасөз мәслихаты барысында қаржы орталығының басқарушы мамандары өзге де маңызды істерге тоқталды. Мәселен, желтоқсан айында орталықтың ресми таныстырылымы өтеді. Сөйтіп, «Қазатомөнеркәсіп» және «Эйр Астана» компанияларының акциялары алғашқылардың бірі болып сауда-саттыққа шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы