378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандық кәсіпкер ескі ұшақты дәмханаға айналдырмақшы

  • 446
  • UPD: 14:13, 22.09.2017

EXPO 2017 көрмесі батысқазақстандық кәсіпкерлердің қиялына қанат бітірді.

Оралдық кәсіпкер Сержан Идиятов ескі ұшақты балалар дәмханасына айналдыруды жоспарлап отыр. «ЯК-40» маркалы әуе көлігі кезінде көрші Ақтөбеден әкелінген, қазір қала орталығындағы «Лепесток» саябағында тұр. Кәсіпкердің тың идеясын қала билігі қолдап, арнайы жер бөлген. Болашақта ұшақтың айналасы көркейтіліп, келген балаларға «бортсерік» даяшылар қызмет көрсетіп, шынайы әуе кемесінің аурасы жасалатын болады. Ұшақ салоны адамдар демалып, тамақтана алатындай етіп қайта жасақталады. «Келешекте баламалы қуат көзін тұтыну да ойымызда бар», дейді идея авторы.

Сержан Идиятов, жеке кәсіпкер:

- Балаларға дәмхана ретінде демалатын жақсы орын. Ұшақтан басқа Астанада «Нұр Әлем» сферасы бар, соған сәйкестендіріп, ұқсас етіп жасағымыз келеді. Қалада дәмханалар жетіп жатыр ғой. Бірақ мынадай ұшақ секілді дәмхана жоқ.

Хабар 24 телеарнасы