384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергетика министрінің орынбасары жанармай бағасына қатысты пікір айтты

  • 560
  • UPD: 18:06, 22.09.2017

Кейбір жанармай бекеттерінде орын алған АИ-92 маркалы бензинге тапшылық қыркүйек айының соңына дейін реттеледі.

Энергетика министрінің орынбасары осылай деді.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, елімізде қара алтынға зәрулік жоқ. Тек кейбір жанармай бекеттерінде жетіспеушік байқалады. Қазір бензин бұрынғыдай Ресейден жеткізіліп жатыр. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев мұнай бағасына қатысты да пікір білдірді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Жанармай бағасына келер болсақ, бұл жерде қандай да бір болжам жасау қиын. Себебі оған түрлі факторлар әсер етеді. Мұнай бағасы мен көршілерден жеткізілетін жанармай көлеміне тікелей байланысты. Сондықтан қазір бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы