386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың оңалту орталығы он жылда 40 мыңнан астам баланы сырқаттан айықтырды

  • 549
  • UPD: 19:00, 22.09.2017

Бас қаламыздағы балаларды оңалту орталығы он жылда  40 мың 820 жеткіншекке жан-жақты көмек көрсетті. 1997 жылы іргетасы қаланған мекеменің арқасында 600 бүлдіршін өздігінен жүріп тұруды үйренген.

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Оңалтудың басым бағыттары» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім болды. Сырқаты сыр берген жастар үшін бұл жиынның маңызы зор. Шарапаты мол шараға 13 елдің медицина саласындағы білікті де білімді мамандары жиналған. Тараптар өзара тәжірибе алмасып, жеткіншектерді дендей түскен  дерттердің алдын алуды пысықтады. Шетелдік дәрігерлер Қазақстандық мамандардың жұмысына оң баға беріп, отандық медицинаның ұтымды тұстарын талқылады.

Ресми статистикаға сүйенсек, осы күнге дейін шетелден 160 бала келіп, отандық орталықта ем алыпты. 

Шолпан Бөлекбаева балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры:

- Жүрмеген балалар жүре бастайды, отырмаған балалар отыратын болады. Кейбір балалар басын да ұстай алмайды. Оларды басын ұстауға үйретеміз. Жаттығуларды, әдістемерді үйретеміз де оң нәтижемен балалар үйге қайтады. Бір жылдың ішінде 4200 бала келіп түседі.

Хабар 24 телеарнасы