389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баубек Сомжүрек: Әлемдегі елдер Қазақстанның ядролық ұстанымын құрметтейді

  • 764
  • UPD: 20:35, 23.09.2017

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстан жайлы мәлімдеме жасауы – тарихи оқиға. Өйткені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сияқты үлкен мінбердегі пікірге төрткүл дүние құлақ асады.

Сәйкесінше елдің иммиджін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар аянбай тер төгіп жүрген отандық мамандарды одан сайын ынталандыра түседі. Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, профессор Баубек Сомжүрек осындай пікірде.

Баубек Сомжүрек, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық байланыс және инновациялар проректоры: 

- Қазақстанның ядролық қаруға қатысты нақты ұстанымы бар. Көп елдер оған үлкен құрметпен қарайды. Тіпті бірер күн бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде біздің ел жайлы жылы пікір айтылды. Мұның барлығы алған бағытымыздың дұрыс екенін және Қазақстан бейбіт әлем қалыптастыруда үлкен роль атқара алатынын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы