389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Көмек терезесі» жобасы іске асырылып жатыр

  • 457
  • UPD: 17:34, 24.09.2017

Павлодарда сотталғандар мен пробация бойынша тіркеуге алынғандарға көмек беретін пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Басты мақсат қылмысқа бейім тұрғындар санын азайту.

Биыл мамыр айынан бері 30 адам жұмысқа тұрып, 20 адам қайта даярлау курстарын тәмамдаған. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмысын бастаған тың жобаға қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметі, еңбекпен қамту орталығы да қатысады. Көмекке жүгінгендердің көпшілігі екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер. Араларында құқықтық, әлеуметтік-медициналық тұрғыдан да көмекке зәру жандар бар. Мәселен, Вячеслав Яценко баспанасынан заңсыз айырылып қалған. Оның мәселесін қалалық прокуратура өз жауапкершілігіне алатын болды.

Марат Әлкенов, Павлодар қаласы прокурорының орынбасары:

– Біз бұл істі жауапсыз қалдырмаймыз. Қазір ол Космонавтов көшесіндегі бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Жазасын өтеп жүргенде пәтерінен айырылып қалған. Оған тиесілі баспана заңсыз сатылып кеткен. Біз оны қайтарып беру үшін жұмыс жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы