388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары қостанайлық шаруалармен кездесті

  • 510
  • UPD: 23:32, 26.09.2017

Қостанай облысының диқандары астықтың 98%-ын жинап үлгерді.

Егін шығымы орта есеппен гектарынан 12,3 центнер. Қамбаға 5 млн тоннадан асатын қызыл дән құйылды. «Биылғы бидай жоғары сапалылығымен қуантып отыр», дейді астықты аймақты аралаған Парламент Сенатының депутаттары. Сондай-ақ мұнда сенаторлардың қатысумен көшпелі отырыс өтті. Жиында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасындағы субсидиялауға байланысты өзгерістер түсіндірілді. Өнімділікті арттыру үшін қайтпек керек? Бюджет қаржысын тиімді пайдаланудың жолы қандай? Өңір шаруаларымен бірге осындай өзекті мәселелер талқыланды.

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кез келген заң, ол қатып қалған дүние емес, уақыттың жағдайына байланысты, нарықтың жағдайына байланысты өзгеріп, толықтырылып отыруы керек. Осы тұрғыдан келгенде субсидиялау мәселесінде сұрақтар өте көп. Оған біздің комитеттің мүшелері қойып отырған мақсат – біліп, жергілікті жерде көріп, қостанайлық диқандарды тыңдап, әрі қарай заңдық негізде қабылдануына үлес қосу.

Хабар 24 телеарнасы