387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

  • 1488
  • UPD: 15:14, 27.09.2017
<span class=favorites>Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды</span> news.bigmir.net

28 қыркүйекте күндіз, 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Жаңбыр сулы қарға ауысады. 28-29 қыркүйекте тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі сақталады. 29-30 қыркүйекте түнде ауа температурасы кей жерлерде 3 градус аязға төмендеуі күтіледі.

29-30 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы 3 градусқа төмендейді.

29 қыркүйекте Жамбыл облысында, 29 қыркүйек тәулік бойы, түнде 30 қыркүйекте Алматы облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады), оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде 30 қыркүйек-1 қазанда ауа температурасы 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады), кей жерлерде солтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы