386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы корольдігі арасындағы келісімді мақұлдады

  • 441
  • UPD: 15:20, 27.09.2017

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы корольдігі арасында сотталған адамдарды беру туралы келісімді мақұлдады.

Құжатқа былтыр Эр-рияд қаласында қол қойылған болатын. Қазақстан ТМД елдері арасында Араб елімен мұндай шарт жасасып отырған алғашқы мемлекет. Тараптар бұл құжатты қылмыспен бірлесіп, күресу мақсатында қабылдап отыр. Лаңкестік әрекеттерге жол бермеу мәселесі алдыңғы қатарда. Құжатта сотталғандарды бермеудің де шарттары қарастырылған. Мәселен, тараптар нәсіліне, ұстанатын дініне, ұлты мен жынысына байланысты іздеу жарияланған жағдайда сотталған азаматты бермеуге құқылы. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукиннің мәлімдеуінше, бұған дейін еліміз осындай 18 келісім жасасқан. Ал болашақта Қытай, Испания, Түркия, Сербия сынды мемлекеттермен де уағдаластық орнату жоспары бар. 

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Қазір Сауд Арабиясында Қазақстанның сотталған азаматтары жоқ. Іздеу жарияланғандар да тіркелмеді. Бірақ болашақта осындай жағдайлар болса, бұл құжат екі ел арасындағы өзара әрекетті жеңілдетеді.

Хабар 24 телеарнасы