378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әуе жанармайының жетіспеушілігінен қауіптенуге негіз жоқ

  • 423
  • UPD: 17:27, 28.09.2017

Энергетика министрлігінің департамент директоры Қуаныш Құдайбергенов осылай деп сендірді.

Қазір бізде 23  мың тонна әуе керосині бар. Бұл 15 күндік қажеттілікті өтеуге жетеді. Қыркүйек айы басталғаннан бері Ресейден 18 мың тонна авиациялық жанармай тасымалданған. Енді көрші мемлекет тағы 8 мың тонна жөнелтуді көздеп отыр. Айта кетейік, бұған дейін  «Эйр Астана» компаниясы Ресей тарапы әуе тасымалына қажетті отынды Қазақстанға әкелуді доғарады деп алаңдаушылық білдірген еді. Әрі таяуда Шымкент мұнай өңдеу зауыты уақытша жөндеуге жабылса, еліміздегі әуе рейстері жаппай тоқтап қалады деп қауіптенген.

Қуаныш Құдайбергенов, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры:

Біз Шымкент мұнай өңдеу зауытын барынша толтырдық. Бұл бізге ай сайын қосымша 10-12 мың тонна әуе керосиніне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір әуе базаларында сақталып тұрған қор мен авиациялық жанармайды өндіру және импорт көлемін ескерсек, рейстердің тоқтап қалуына еш негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы