384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әулиеатада кәсіпкерлерді шағын несиемен ынталандыру үшін 185 млн теңге қаражат бөлінген

  • 469
  • UPD: 07:55, 29.09.2017

Жамбыл облысы Жуалы ауданында шағын несие алған тұрғындардың дені қаражатын дерлік мал шаруашылығына салып жатыр.

Өйткені өңір ата кәсіпті түлетуге қолайлы. Бұл шаруа Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Мемлекеттік жобамен жұмыс істеуге әсіресе ауыл жастары арасында қызығушылық артып отыр. 

Мына жігіт Дихан ауылындағы ең жас кәсіпкерлердің қатарынан. Ол жуырда несиеге 27 бас ірі қара алып, сүтін жергілікті ірімшік зауытына өткізіп жатыр. Одан түскен теңгемен берешегін төлеп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қораны тазалап, сиырларды сауатын жұмысшылары да бар. Оған екі ауылдасын тартқан.

Нұрлан Сармурзин, кәсіпкер:

- Бизнес бастау оқып, 6%-дық жеңілдікпен 6 млн несиені төрт жарым жылға алдым. Тоқтамым мал шаруашылығы болды. Жұмыс ауырлығы өте жоғары. Тек еңбектену керек, шаршамау керек.

Биыл жеке кәсіпкерлерді шағын несиемен ынталандыру мақсатында 185 млн теңгедей қаражат бөлінген. Оның 175 миллионы игерілді. Дегенмен ауданда жеңілдетілген несие алып, өз ісін бастағысы келетіндер көп. Қазір 200-дей азамат кезекте тұрған көрінеді.

Ілияс Дүйсен, Жуалы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

- 300 азамат өтініш білдірген. Қазіргі таңда 200 азаматтың тізімі ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында жатыр. Соның арасында қазір 37 азамат жұмыстарын атқаруда. Енді алдағы уақытта бір жұмыс орнын ашып, толық есептерін тапсырады.

Жалпы аудандағы 51 мың тұрғынның 2,6%-ы жұмыссыз. Сондықтан биыл 1800-ден астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарының айтуынша, бұл 95%-ға орындалыпты. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы