386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кабель өндіретін заманауи зауыт салынып жатыр

  • 596
  • UPD: 19:57, 30.09.2017

Алматының индустриалды аймағында тағы бір заманауи зауыттың құрылысы аяқталып қалды.

Сапалы кабель өндіретін комбинат ішкі нарықпен қатар сыртқы сұранысты да қамтамасыз етпек. Ал өндіріске қажетті шикізаттың барлығы отандық өнім. Зауыттың бірінші бөлігі жыл соңында іске қосылады.

Отандық ғалымдардың кабель саласындағы өнертабысын кәсіпке айналдыру үшін 100 млн доллар инвестиция салынған. Отандық шикізат осы комбинаттарда қайта өңделеді. Нәтижесінде сапасы жоғары электр кабельдері өндіріледі.

Олег Приходько, жоба жетекшісінің орынбасары:

- Біздің комбинат – ертеңгі күнге арналған жоба. Яғни сапасы жоғары, бағасы қолжетімді өнім дайындалады. Айта кетейік, зауыттың бірінші бөлімін жыл соңында іске қосамыз.

Кәсіпорынның өнім көлемі жылына 100 мың тоннадан аспақ. «Оның 30%-ы отандық сұранысты қамтамасыз етеді. Қалғаны шет асады», –  дейді жоба жетекшілері.

Зарина Умарова, Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі:

- Отандық өнім ТМД және Таяу Шығыс елдеріне экспортталады. Сонымен қатар Оңтүстік Америка мен Қытайдың жоғары технологиялы сауда алаңына қызығушылық танытудамыз.

Бірегей жобаны жүзеге асыру үшін қала билігі экономикалық аймақтан тегін жер телімін бөлген. Инвесторлар 2021 жылға дейін жобаны толық іске қосып, 700-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Айта кетейік, кәсіпорынның жылдық салық сомасы 4 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы