389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев Университетінде бакалавриат бойынша жаңа бағдарламалар ашылады

  • 592
  • UPD: 19:53, 30.09.2017

Келесі жылы Назарбаев Университетінде  бакалавриат бойынша бірнеше жаңа бағдарлама ашылады.

Олар мұнай-газ, тау-кен және геология инженериясы деп аталады. Ал биыл магистратурада тау-кен, доктарантурада мемлекеттік саясат бағдарламасы іске қосылды. Бұл жайында жоғарғы оқу орнында өткен Ашық есік күні шарасында айтылды. Бүгінде университетте 4 200-ден астам студент білім алады. 8 мектебі, яғни факультеті бар.

Айта кетейік, Назарбаев Университетінің негізі 2010 жылы қаланған. Қазіргі уақытта  білім ошағы халықаралық деңгейдегі үздік жоғарғы оқу орны саналады.

Гүлназ Бөлебаева, Назарбаев Университеті қабылдау жөніндегі  департаментінің директоры:

- Негізінде Назарбаев Университетіне түсу үшін балалардың деңгейі жоғары болуы керек. Бірақ біз Назарбаев Университетінде университетке дайындық, магистратураға түсуі үшін ағылшын деңгейін көтеруге арналған дайындық бағдарламасын ашайын деп жатырмыз. Сондай жоспарымыз бар. Барлығы 8 мектеп және тағы бір дайындық мектебіміз бар. Ол – «Фаундейшн» деген бағдарлама. Ол – университетке дайындайтын бағдарлама.

Хабар 24 телеарнасы