387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әсет Исекешев қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

  • 862
  • UPD: 17:26, 01.10.2017
Әсет Исекешев қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады Фото: mi-web.org

Астана әкімі Әсет Исекешев қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті қазыналы қариялар! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам баласы қазыналы өткенімен, мағыналы бүгінімен және жарқын келешегімен өмір сүреді. Осы орайда тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын. Көрер қызықтарыңыз көп болғай. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, әулеттеріңізге бақ пен береке тілеймін!», – делінген құттықтаухатта.

Хабар 24 телеарнасы