387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жастар» сарайында Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті

  • 1553
  • UPD: 23:49, 01.10.2017

Елордадағы «Жастар» сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті.

«Рухани жаңғыру – отбасы дәстүрі» атты кеште Отан соғысында от кешкендер мен тың игергендерге және еңбек майданында тер төккендерге ерекше құрмет көрсетілді. Мерекелік концертке мыңнан астам елордалық қария мен ақжаулықты әжелер келді. Ұйымдастырушылар осынау күні оларға мәдени демалыс пен қатар түрлі көрмек те көрсетті.

Баян Әбілдаева, зейнеткер:

Елімізде қатты құрметтейді. Оларға арнап жақсы концерттер беріп жатыр. Біз өте ризамыз. Біздер қайда барсақ та, жолымыз тегін, жолымыз ашық. Соның барлығы осы еліміздің бізге жасаған қызметі. Біз осы қарттардың атынан барлықтарыңызға көп рақмет айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы