384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«111» қызметі 100-ден аса өренді өлімнен құтқарды

  • 1122
  • UPD: 07:57, 03.10.2017

Былтырдан бері елімізде балалар мен жастарға арналған сенім телефоны жұмыс істейді.

Осы уақыт аралығында оған 2 миллионға жуық қоңырау шалынып, өскелең ұрпақты алаңдатқан мәселелер бойынша тиісінше қолдау көрсетілген. Мәселен, «111» нөміріне хабарласқан жедел көмекке мұқтаж 5 мың бала мамандардың психологиялық, заңгерлік және ақпараттық көмегіне қол жеткізе алды. Олардың арасында өз өмірін қиғысы келген 100-ден аса өрен де бар. Сенім телефонына қоңырау шалғандардың көбі Оңтүстік Қазақстан облысынан. Бұл ретте жоба жетекшілерінің бірі, еліміздегі балалар құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева кіші буынға қашан да қолдау көрсетілетінін айтады. «Ал жалған қоңыраулар үшін құқықтық жауапкершілік жүктелуі мүмкін», – дейді ол.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Жалған хабар келсе де, оларға жауапкершілік көрсетілген жоқ. Егер ол мемлекетке қауіпті болса, онда қажетті құқықтық органдарға береміз. Олар тексереді.

Хабар 24 телеарнасы