384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанармай бағасын көтеретін компаниялардың әрекеттері қатаң тексеріледі

  • 520
  • UPD: 13:45, 03.10.2017

Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет үйінде хабарлады.

Оның айтуынша, жаз маусымында бензинді заңсыз қымбаттатқан монополистер жазаға тартылды. Қазір олардың ісі сотта қаралып жатыр. Жанармай бағасына әсер еткен объективті себептер де бар. Мәселен, Ресейде АИ-92 маркалы бензин құны көтерілген. Қазір көрші елде мұнай өнімінің бір тоннасы 560 АҚШ долларынан асты.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Біз нарықтағы ірі субъектілердің барлығына сауал жолдадық. Бензин бағасын көтерудің себебін анықтап жатырмыз. Қымбаттау заңға сәйкес болса, Энергетика министрлігі бұл мәселені қолға алуы тиіс. Ведомство 3 мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарын аяқтап, жаңа жылдан бастап бүкіл елді отандық өніммен қамтамасыз етуге міндетті. Қолда бар деректерге сенсек, Энергетика министрлігі бұл міндетті 1 қаңтардан бастап орындауға дайын.

Хабар 24 телеарнасы