383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кеденде жаңа ақпарат жүйесі іске қосылды

  • 663
  • UPD: 18:20, 03.10.2017

Қазан айының бірінен бастап еліміздегі кедендік транзит шеңберінде Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.

«Астана 1» аталған ақпарат жүйесі енді құжатты рәсімдеуді әлдеқайда жеңілдетіп, барлық мемлекеттік органның бір платформада жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. «Нақты 100 қадамның» 38 қадамына сай жүзеге асырылған жоба кедендік операцияларды жүргізуге қолайлы. Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин алғашқы 2 күннің ішінде тіркелген нәтиже кісі қызығатындай деңгейде екенін айтты. Сол мерзімде 2000 құжат рәсімделіп, әрбір құжатты реттеуге 10 минуттың шамасында уақыт жұмсалған. «Астана 1» ақпараттық жүйесі Қазақстанның жаңа кеден Кодексінің күшіне енуіне орай 2018 жылдың бірінші қаңтарынан толық көлемде жұмыс істейтін болады.

Ғосман Әмрин, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

– Жүйенің үш нәтижесі жайында айтуға болады. Бірінші – жылдамдығы. Яғни кеден операцияларының бәрі де басқа деңгейге шығып жатыр. Екінші – айқындау, оның деңгейі басқа. Құжаттардың келуі, оның шыққаны, шықпағаны жөнінде бұрын адамдарға белгілі болмайтын. Қазір екі жағынан да жақсы. Бір жағынан бізді бақылау үшін, яғни берілген құжаттардың қабылданғанын, өңдеу жұмысынан өткенін, декларация ретінде шыққанын қадағалайды. Үшінші, тек қана кеден қызметі емес, басқа қызметтер бірігіп, бірыңғай платформаға еніп, жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы