386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда елімізде баламасы жоқ көпсалалы спорт және ойын алаңы ашылды

  • 560
  • UPD: 19:39, 03.10.2017

Енді қала тұрғындары теңіз жағалауында спорттың оншақты түрімен тегін шұғылданатын болады.

Алаңның ашылу салтанатына аймақта жұмыс сапарымен жүрген Сенат депутаттары қатысты. Жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асқан. Алаңда футбол, стритбол, балалар ойын алаңы мен көше тренажерлары бар. Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша жыл соңына дейін елімізде 100 мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытуға арналған барлық құрал бар. Мұндай оңалту кабинеттері Ақтаудағы арнайы мектеп-интернатында да ашылды. Сенаторлар жобаның жетістігімен танысты. Мектеп сенсорлы бөлмелермен, логопедтік оқыту, дамыту құралдарымен және массаж зондтарымен жабдықталған. Мұнда қазір көру, есту, сөйлеу қабілетінен айырылған мүмкіндігі шектеулі 141 бала білім алып жатыр. Сенаторлар мектепке бүтін бір компьютер сыныбын сыйға тартты. Ал оқушылар меймандарға өздері жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Олардың жағдайын жақсарту, оларға басқа балалармен тең білім беру, осы өмірде қалай өмір сүру керектігін үйрету – маңызды мәселе. Соған «Самұрық-Қазына транст» өзінің көмегін тигізіп жатыр. Мысалы, Маңғыстау облысындағы қайырымдылық қорлармен де жұмыс істеп жатыр. Әкімшіліктің қолдауы өте маңызды. Өздері айтқандай, әкімшілік жобаларды тапсырып кеткеннен кейін де қарап, бақылап отырса, осындай жобалар одан әрі дами береді. 

Хабар 24 телеарнасы