383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары шығармашылық қабілеттерін көрсетті

  • 674
  • UPD: 09:44, 04.10.2017

Алматы облысына қарасты Балқаш ауданының мектеп оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің атақты балуандарымен кездесу өткізді.

Кездесуге келген «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары Ұлан Рысқұл мен Руслан Әбдіразақ жарыстарға Қызылорда облысының атынан қатысып жүргендерімен, екі балуан да Балқаш ауданы тұрғындарының жерлесі. Олардың жастық шағы да осы өңірде өткен. Қызықты кездесу кезінде балуандар мектеп оқушыларын қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап беріп, тіпті сурет салу мен ән шырқаудан, би билеуден өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Ілияс Жолбай, кездесуге қатысушы:

– Бұл кездесуге өте риза болдым, көп нәрсеге қанық болдық. Біз өзіміздің осындай жерлестеріміз бар екеніне мақтанамыз.

Ұлан Рысқұл, «Қазақстан Барысы» атағының тұңғыш иегері:

– Өзіңнің кіші Отаныңа келгенде керемет сезім билейді екен. Балалар біздің жетістіктерімізге қатты қызығып отыр. Олардың көпшілігі біздің жолымызбен жүргісі келеді.

Хабар 24 телеарнасы