384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының диқандары қамбаға астық құйды

  • 608
  • UPD: 09:32, 05.10.2017

Егіні мол аудандар гектарынан 13-14  центнерден өнім жинады.

Биыл Әйтеке би, Мәртөк, Хромтау аудандары егістік алқабын ұлғайтқан еді. Нәтижесінде 512 мың тонна дәнді дақыл жиналып, 6 элеваторға құйылды. Қазір кейбір шаруа қожалықтары мал азығы дақылдары мен бау-бақша өнімдерін жинауға кірісті. Шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай берілген.

Жалпы биыл облыста  642 мың гектар жерге дәнді дақыл егілсе, оның 382-і гектары бидай. Бұл өткен жылғыдан 13%-ға артық. Сонымен қатар егін шаруашылығына бөлінген субсидия көлемі де 2 есеге артып, 1 млрд 200 мың теңгеге жетті.

Диас Ерғалиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі:

- Ағымдағы жылы өнімділіктің жоғарылығы, егіншіліктің жақсы болуы, жаңа технологияларды қолдану, минералды тыңайтқыштарды қолдану 2,5 есеге артты. Сонымен қатар шербицид қолдану артты. Тұқым сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып, элита және репродукт себілді. Мал азығы дақылдарының гектарына 8 мың теңге субсидия төленсе, сүрлемге өнідірілетін дақылдарға 10 мың теңге субсидия төленді.

Хабар 24 телеарнасы