377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушы ұсталды

  • 864
  • UPD: 13:50, 06.10.2017

Жамбыл облысында 9 келі героинмен Қордай ауданының тұрғыны ұсталды.

Полицейлер есірткіні оның үйінен тапқан. Сонымен қатар үнді кендірінен жасалған екі орама марихуана мен травматикалық тапанша тәркіленді. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, есірткі оған көрші қырғыз елінен жеткізілген. Күдікті есірткіні еліміздің солтүстік өңірінде сатпақ болған. Бір келі героинның қара нарықтағы құны 20 мың АҚШ доллары тұратын көрінеді. Әзірге оқиғаның анық-қанығы тергеудің жүргізілуіне байланысты айтылмай отыр. 59 жастағы ер азамат бұған дейін де 11 жыл түрмеде отырып шыққан.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

– Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазіргі таңда ол Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша қамау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы