382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды

  • 351
  • UPD: 15:24, 06.10.2017
«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Қазақстанда тұңғыш рет қаланың ақпараттық картасында қалалық ақпараттық желі қызметі кезең-кезеңімен көрініс табатын көлік бекеті ретінде жоба жүзеге асырылуда.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Енді жолаушылар вокзалда смартфондар мен планшеттердің көмегімен 2ҚАЖ жүйесіндегі кестені көріп, таныса алады. Қызметті тұтынушы жолаушылар вокзалдың қызмет көрсету қабаттарының, билет кассалары, медициналық қызмет, ана мен бала бөлмесі, банкоматтарды көре алады. Оның сыртында картада қоғамдық тамақтандыру, дүкендер, такси қызметі, терминал, қонақүй, дәріхана қызметтері туралы ақпараттар көрсетілген. Және оларға қонақтардың берген бағасы мен арыз шағымдары да, ізгі тілектері де көрінеді. Жолаушыларға қолайлы болу үшін оның барлығы белгішелермен нақтыланған.

Бір қызығы, барлық ақпараттар ғаламтор желісінсіз атқарылады.

Хабар 24 телеарнасы