387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысын латын әрпіне көшу жөнінен ақпараттық топ аралап жүр

  • 749
  • UPD: 22:36, 07.10.2017

Әліпби реформасы. Павлодар облысында да кеңінен талқыланып жатыр. Ақпараттық-насихаттық топ аудандарды аралап, халықпен жүздесуді бастап кетті.

Олар латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын жергілікті тұрғындармен талқылауды жөн санапты. Осындай жиындардың бірі жақында Май ауданының Көктөбе ауылында өтті. Топ жетекшілері латын әріптерін меңгерген жастарға мол мүмкіндіктер бар екендігін де жеткізді. Ауыл халқы да өз кезегінде бұл жаңашылдықтың қалай жүзеге асатындығы жөнінде сауалдарын қойды. 

Ерқанат Қайкен, Майтүбек ауылының тұрғыны:

- Заман талабына сай  IT-технология  компьютерлік заманға сәйкес мына қазақ, бұрынғы кириллица әрпінен латын әліпбиі тектес қазақ әліпбиін құру.Жаңағы технология заманына батыс еуропа экономикасының дамуына сәйкес нақты артық ерекшеліктеріне тоқта, жаңағы өзіндік ерекшеліктерімен артықшылығын айтып өтті»

Айбек Оралқанов, «Халық» радиосының жүргізушісі:

- Жаңағы осы тұрғылықты халықтың белсенділігі байқалды. Өйткені жастардың ішінен бес-алты жас шығып өзінің пікірін өзінің ойын айтып сұрақтарын қойды және сол сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар бүгін көнекөз қариялар да бар. Бұл да бір ойласақ, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейінгі қауым жиналып, өзінің пікірін ортаға салды деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы