Лаура Флорес: Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройы артып келеді

Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройы аршындап артып келеді.

Бұл – халықаралық саясаткерлер, сарапшылар және бақылаушылардың ортақ ой-пікірі. Панаманың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Лаура Флорес Қазақстанның танымалдығы мен тартымдылығын арттырған бірнеше жемісті жобаларды атап өтті.

Лаура Флорес, Панаманың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Мен Қазақстанды халықаралық сахнадағы түрлі мәселені шешуге атсалысқаны және маңызды рөлі үшін құттықтағым келеді. Ең алдымен, EXPO 2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізгеніне алғысымды айтамын! Шараға Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің елдері де қатысты. Қазақстан басқа салаларда да көптеген ел үшін жемісті дамудың үлгісі болып, өзіне назарын аудара білді. Сонымен қатар Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы белсенділігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бастамаларыңыз бен осы қозғалыстағы көшбасшылық үшін көп рақмет!