384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есілге 300 мың тұқы балық жіберілді

  • 883
  • UPD: 17:31, 08.10.2017

Өзендер мен су қоймаларына маңыз беріп, мәнін арттыруға арналған бағдарламаға сай Жамбыл облысындағы балық шаруашылығында  өсірілген шабақтар Астанаға жеткізілді.

Есіл жағасында балық спорты да қарқын алып келеді. Қордың молаюы олардың да қармағына жан бітіреді. Биыл Қазақстанда 130 млн бағалы балық шабақтары елдегі өзендер мен көлдерге жіберілуі тиіс болатын. Қазірдің өзінде бекітілген жоспар орындалуға таман тұр. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары осы шараға ерекше мән береді. Ихтиофаунаны жақсартуға олар да мүдделі.

Нығмет Қауашев, ҚР АШМ  Ақмола облыстық инспекция жетекшісінің орынбасары:

- Мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 552 775 дана тұқа балық шабағын жіберу жоспарланған. Бүгінгі күні 170 мың дана балық әкелінді. Оны жіберу сәтіне өздеріңіз куә болып отырсыздар. Жалпы мемлекеттік тапсырыс осы қазан айының 15-іне дейін аяқталуы жоспарланған.

Сәкен Ділдахмет, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- Есіл өзенінің ерекше акваториясын ескере отырып, спорттық балық аулауды дамыту мақсатында жыл сайын Есіл өзенінде осындай шаралар жүргізіледі. Биылдың өзінде Есіл өзеніне 41 млн тұқы шабағы жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы