389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылағаш су қоймасы бастапқы қалпына келтіріледі

  • 714
  • UPD: 07:42, 09.10.2017

Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Сәуір айынан бері мұнда жолдарды реттеу, электр желілерін тарту, су қоймасына қызмет көрсететін адамдарға баспана салу сияқты жұмыстар жүргізілген. Құрылысшылар енді су қоймасының өзіне қатысты жұмыстарға кірісіп кетті. Бөгеттің биіктігі 55,5, ұзындығы 310 метр болмақ. Сыйымдылығы 42 миллион текше метр. Құрылысқа республикалық қазынадан 6 миллиардқа жуық теңге жұмсалады. Мердігер мекемелер нысанның келер жылдың желтоқсан айына дейін бітетінін айтады. Қазір мұнда 70 техника мен 120 адам жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, Қызылағаш су қоймасы Ақсу ауданының дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Өңірдегі суармалы жердің көлемі 7 мың гектарға жуық. Егіншілікке, оның ішінде қант қызылшасын көптеп егуге мүмкіндік туады. Бүгінде тек Қызылағаш ауылдық округінің өзінде 160 шаруа қожалығы болса, олардың дені су тапшылығына байланысты тек мал бағады. Еске сала кетейік, бұдан тура 7 жыл бұрын Қызылағаш қоймасын су жырып кетіп, алапат тасқыннан бірнеше елді мекен зардап шеккен еді.

Сейілхан Мұхамадиев, «Қазсушар» РМК Алматы облыстық филиалының директоры:

Биылға 1 миллиард 802 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бізде 9 фирма кірісіп, толығымен жұмысты бастадық. Осы жылдың аяғына 1 миллиард 800 миллион ақшаны игеретіндей жағдайымыз бар. Бүгінде 600 миллиондай ақша игерілді.

Хабар 24 телеарнасы