389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетел инвесторлары елдегі «Арнайы экономикалық аймақтарда» жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті

  • 579
  • UPD: 07:45, 09.10.2017

Ақтауда өткен «Арнайы аймақтардың таныстырылымы» атты халықаралық форумда Еуропа және Араб елдерінің іскер азаматтары елімізде бірқатар кәсіпорын ашатындарын мәлімдеді.

Алғаш рет ұйымдастырылған алқалы жиынға 12 елдің инвесторлары қатысты. Оларға арнайы аймақтардың мүмкіндіктері таныстырылды. Бүгінде Қазақстанда 10 экономикалық аймақта 160 инвестициялық жоба сәтті жұмыс істеп тұр. Оның 20 пайызы – шетелдікі. Қазір мұнда 11 мыңнан астам адам еңбек етеді. Мәселен, «Оңтүстік» экономикалық аймағы тоқыма өнеркәсібіне, Павлодар мен Атыраудағы аймақтар мұнай-химия және химия саласына, ал Ақтаудағы арнайы аймақ мұнайгаз саласы мен құрылысқа қажетті өнім өндіруге маманданған. Түркия, Малайзия, АҚШ сынды елдерден келген меймандар отандық компаниялармен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Мұнай сервис, көлік пен логистика саласында 6 бірдей жобаны жүзеге асыруға келісім жасалды.Сарин Кристонтон, «Тенарис» компаниясының өкілі: /Румыния/

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында біз мұнай және газ өндіруге қажетті құбыр шығаратын кәсіпорынды іске қостық. Жобаға 40 млн доллар қаржы құйылды. Экономикалық аймақтың инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктері өте көп. Сондықтан да алдағы уақытта тағы да тың жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Біржан Қанешев, «KAZAKH INVEST» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

– Экономикалық аймақтардың беріп жатқан жеңілдіктерінің барлығы өте тартымды. Сондықтан көп жобалар келіп жатыр. Сегіз салаға келді. Маңғыстау, Атырау өңірлерінің бәрінде үлкен мұнай жобалары іске асырылып жатыр. Соған байланысты жүктерді көтеретін крандар сұраныста. Соны шығаратын Еуропаның үздік компаниялары келуде. Бүгін Құрық портына, Ақтау портына қандай қажетті көмектер, қандай жұмыстар жүргізу керек, соның бәрін талқылайды.

Хабар 24 телеарнасы