389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бостандыққа шыққан азаматтарды жұмыспен қамту шаралары басталды

  • 654
  • UPD: 09:32, 09.10.2017

Алматы облысының Балқаш ауданында темір тордан босап шыққан азаматтарды жұмыспен қамту шаралары қолға алынды.

Бүгінде аудан прокурорлары мен кəсіпкерлерінің қолдауымен тиісті жазасын өтеп келген 10 азамат еңбекке араласты.

Балқаш ауданының тұрғыны Еламан Шоқан жарты жылдан бері жергілікті жол салу компаниясында тракторшы болып еңбек етеді. Бұрын сотты болған азаматқа жұмыс табу оңай болмады. Алайда еліміздің бас прокуроры ұйытқы болған «Сен қоғамға керексің!» бағдарламасы Еламан сияқты ондаған азаматтың еңбекке араласуына ықпал етті.

Дастан Дулатбаев қыркүйектің басында мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Туған ауылына оралған бойда жергілікті дүкенге жұмысшы болып орналасады. Кəсіпорын басшысы қызметкеріне барлық əлеуметтік қолдауды көрсеткен екен.

Прокурорлар бұрын сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті кəсіпкерлер арасында түсіндіру шараларын жүргізген. Ұсынысты қуана қабылдағандар бар. Енді олар бостандыққа шыққан əйелдерді де жұмыспен қамтуға ниет білдіріп отыр.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Гүлнəр Жантасова, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы