386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

  • 445
  • UPD: 12:09, 10.10.2017

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аймағында күн ашық болады.

Синоптиктер оңтүстік-батыстың шеткі антициклонының әсерінен сынап бағанасы жоғарылайтынын айтады. Еліміздің батыс облыстарында ауа температурасы әдеттегіден жоғары болады. Ал 11қазанда жылы атмосфера республиканың шеткі шығыс аймақтарына да жетеді.

Лаура Сайлаубаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Астана-Алматы қалаларында алдағы 3 күнде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы Астанада 10 қазан түнгі сағаттарда 0-2 градус, күндіз +11-+13 градус, Қазанның 11-12 күні температура түнде +1-3 градус, күндіз +12-+14 градус жылылықты көрсетеді. Алматы қаласында 10 қазанда температура +3 пен +5 градус, күндіз +17-+19 градус жылы болады. Ал 11-12 қазан күндері түнде +5-+7, күндіз +20-+22 градус жылылықты көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы