385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да бензин бағасы 200 теңгеден асты

  • 576
  • UPD: 19:56, 10.10.2017

Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында бензин бағасы 200 теңгеден асты.

Ал облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықтағы Жәнібек пен Бөкейорда аудандарында сұйық отын 220 теңгеден сатылып жатыр. Қос елді мекенге ортақ жалғыз жанармай құю бекеті бар. Мұндағы бензин бұрыннан 10-20 теңгеге қымбат болатын. Бағаның бұлайша шарықтауынан Оралға жолаушы таситын қоғамдық көліктер тоқтап қалған. Тәуліктік табыстың тең жартысы жанармайға жұмсалатындықтан 25 таксидің төртеуі ғана жолға шыққан.

Еске сала кетейік, күні кеше облыс әкімдігіндегілер бензин құнының 180 теңгеге арзандайтыны жөнінде мәлімдеме жасаған еді.

Талап Үмбеталиев, диспетчер:

- Ауылда бензин 200 теңге, 220-ға көтеріліп жатыр екен. Таксилерді осында жіберіп жатырмын.

Қабденғали Өтешқалиев, Бөкейорда ауданының тұрғыны:

 

- Бензин қымбат, жаздай 170-тен болған еді. Қазір 200. Айына 120 мың бензинге кетеді.

Хабар 24 телеарнасы