383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда браконьерлер әскерилерге қарсылық көрсетті

  • 436
  • UPD: 09:34, 11.10.2017

Атырауда заңсыз балық аулаушылар шекарашы сарбаздарға қарсылық көрсетті.

Түнгі мезгілде өзен бойын тексеріп жүрген сарбаздар жағалауда қайықтан мотоциклге балық тиеп жатқан браконьерлердің үстінен түскен. Бірнеше адамды балығымен қолға түсірген шекарашылар оларды үш жүрдек қайығымен қоса құзырлы органға табыс етпек болады. Бірақ жағалау бойына орналасқан ауылдың 30 шақты тұрғыны жиылып келіп, ұсталған адамдар мен су көлігін және басқа да айғақ заттарды тартып алуға әрекет жасаған. Браконьерлер тарапынан қарсылық күшейген соң шекарашылар ескерту ретінде әуеге оқ атқан. Топ мүшелері сонда да аяқ тартпай, шекарашылардың офицерін соққыға жыққан.

Жанболат Аекенов, Батыс аймақтық әскери прокуроры:

 

– Сарбаздарға төнген қауіп күшейген соң офицер ескерту ретінде оқ атқан. Осы кезде браконьерлердің қалған бөлігі қайықтар мен мотоциклді басқа жаққа алып кеткен. Бір сағат өткен соң аяғынан жарақат алған тұрғын ауруханаға келіп, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Қазір бұл азаматтың жағалаудағы оқиғаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар әскерилердің қызметтік қаруды қолданудағы заңдылығы да жіті тексеруден өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы