384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам қазақ тілінің латын әліпбиіндегі екінші нұсқасын талқылап жатыр

  • 580
  • UPD: 09:36, 11.10.2017

Қоғамда қазақ тілінің латын әліпбиіндегі екінші нұсқасы да қызу талқыға түсіп жатыр.

Бұл ретте саяси қайраткерлер мен сала мамандары ой-пікірін ортаға салып, жан-жақты түсіндіру жұмыстарына кірісіп те кетті.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жалпыұлттық талқылау ешбір мемлекетте болмаған, ешбір басқа тәжірибеде болмаған нәрсе. Жалпы ұйымдастырғанының өзі осы реформаның деңгейін көтеріп жіберді. Қазір әлеуметтік желілерді қарасақ, бұрыннан гөрі аз болса да пікір алмасулар бар. Соны аяғына дейін бітірсек, дайындалған нұсқасына келеміз.

Әлімхан Жүнісбек, А.Байтұрсынов атындағы тіл ғылымы институтының бас ғылыми қызметкері:

Кеше таныстырылды. Бүгін іске асырайық деген болған жоқ. Елбасының өзі айтты. Көпшілік танысу керек. Олардың пікірін білу керек деген. Сол жобамен көпшілікті таныстыру керек. Әліпби құрамы қалай, үйретудің оқу-әдістемелік мәселелері тұр.

Хабар 24 телеарнасы