387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі әскерилердің жалақысы көтеріледі

  • 1595
  • UPD: 20:40, 11.10.2017

Қазақстан әскерилерінің жалақысы қайта қаралып, ақыры көтерілетін болды.

Естеріңізде болса, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айында Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық гвардия және Мемлекеттік күзет қызметі әскерилерінің жалақысын 25 пайызға көтеру жөнінде тапсырма берген еді. Алайда бұл қызметкерлердің айлығы сол күйі өзгермепті. Бұл жағдайды Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті әскерилердің жалақысын реттейтін нормативті-құқықтық актілердің қабылдануымен байланыстырып отыр. 

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Маған жеткен ақпарат бойынша бүгін-ертең Үкіметтің тиісті жарлығы шығады. Алдағы күндері жалақы шілде, тамыз, қыркүйек бойынша қайта есептеледі. Яғни біздің әскерилердің жалақысы көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы