384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда латын әліпбиіне көшу туралы халықаралық конференция өтті

  • 1180
  • UPD: 16:49, 13.10.2017

Латын әліпбиінің ыңғайлы нұсқасын таңдауда халықтың пікірі ескеріледі. Сондықтан әрбір тіл жанашыры мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру ісіне үлес қоса алады. Ақтауда өткен «Қазақ әліпбиін латын әріптерімен таңбалаудағы ерекшеліктер» атты халықаралық конференцияда ұлттық комиссия мүшелері осылай деді.

Әзербайжан, Түркия мен еліміздің әр өңірінен жиналған ғалымдарға латын әліпбиінің Елбасына ұсынылған  жаңа нұсқасы таныстырылды. Көпшілік кей дыбыстар дәйекше арқылы берілген бұл нұсқа оқуға да, жазуға да ыңғайлы екенін айтып отыр. Ғылыми-теориялық конференция барысында бірқатар тіл мамандары әліпбиге байланысты өз жобаларын да ұсынды. Бұл ұсыныстар жаңа әліпбиді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобында қаралып, жыл соңына дейін еліміздің жаңа әліпбиі бекітіледі.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, жаңа әліпбиді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы: 

- Осы мәселеде нүкте қоятын соңғы шешімін айтатын халық екенін Президент баса назар аударып, өз сұхбатында айтқан. Маңғыстау әкімдігі келелі мәселеге алқалы жақсы республика деңгейде басқосуды ұйымдастырып отыр. Соған келіп отырмыз. Елмен ақылдасамыз. Өйткені біздің шешуші пікірге ие бұл біздің халқымыз. Сондықтан өңірлік жиындар қазыр жан-жақты өткізіледі. Жан-жақты бұл мәселе қаралады, одан кейін ыңғайлы бір дұрыс нұсқаға тоқтайтынымызға сеніміміз кәміл.

Хабар 24 телеарнасы