384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Смағұл: Ауған соғысы ардагеріне берілген пәтер оның отбасына қалдырылуы керек

  • 1258
  • UPD: 19:40, 13.10.2017

Ауған соғысы ардагерлерін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестіру жөнінде көптен бері айтылып келеді.

Бұл мәселе Алматыда өткен Ауған соғысы ардагерлерінің бесінші Республикалық съезінде тағы көтерілді. «Өйткені бізді бөліп-жаруға болмайды», дейді батырлар. Қайта сайланған қауымдастық төрағасы Бақытбек Смағұл: «бейбіт өмір үшін от кешкен азаматтарымызға көзі тірісінде көрсетілген құрмет өмірден озғаннан кейін де ұмтылмауы керек», деп отыр. Олардың өнегелі өмір жолын жастарға үлгі етіп, өскелең ұрпақтың бойына Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру қажет. «Бұл да ұлттың рухани жаңғыруындағы басым бағыттарының бірі», деді Мәжіліс депутаты. Құрылтайда елі үшін еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдық төсбелгісі үш адамға және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бекітілген «Аманат» төсбелгісі ардагерлер қауымдастығының басшысына табыс етілді.

Бақытбек Смағұл, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы: 

- Ауған соғысының ардагері өмірден өтіп кетсе, алған пәтерлердің барлығы оның отбасына бұйырмайды. Соны қалдыру туралы көтеріп жатырмыз. Ертеңгі күні әскер тарапындағы азаматтардың қатары сиремесін десек, отансүйгіштікке қызығушылық білдірсін десек, ардагерлерімізді ардақтай білуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы