383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да браконьерлерден 60 тоннадан астам балық тәркіленген

  • 966
  • UPD: 23:13, 13.10.2017

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулау тыйылмай тұр.

Жыл басынан бері құзырлы органдар браконьерлерден 60 тоннадан астам балық тәркілеген. Олардың басым бөлігі тек осы өңірдегі тау өзендерінде өсетін таймен, қарауыз және майқан сияқты Қызыл кітапқа енген балықтар. Сондықтан аймақтағы бірнеше құзырлы орган қызметкерлері браконьерлерге қарсы бірігіп, әуеден бақылауды күшейтті.

Бағалы балық аулап жүріп ұсталаған браконьерлердің бәрінің айтатын жауабы осы. Сондықтан табиғат қорғаушылар әсіресе күз бен көктемде оларға қарсы шараны күшейтеді. Бұл жолғы рейдте Алтай тауының Қазақстан аумағына тиесілі бөлігін әуеден түгел шолып шықты. Нәтижесінде тау өзендерінен бағалы балық аулап жүрген біріне топ әшкере болды.

Аңшы атын жамылған кейбір браконьерлер балық қана емес, өзен бойындағы жас орманды да отап тастаған.

Асқар Бәйкенов, облыстық орман шаруашылығы жедел отрядының инспекторы:

- Қара Уба өзені жағасында балықшылар жас қайың ағашын кесіп тастаған. Соны қазір тексеріп жатырмыз.

Рейд кезінде ұсталғандардың көбі Қызыл кітапқа енген, тек осы өлкедегі тау өзендерінде болатын балықты аулау үшін арнайы келгендері анықталды. Кейбір балықшылар қарауыз, майқан сияқты балықтарды заңсыз аулап, тұздап  қойған. Ал мұндай сирек кездесетін балықтарға ау құрып, қармақ салуға мүлде тыйым салынған.

Владимир Санаров, «ҚазОрманҚорғау» РМК инспекторы:

- Бұл жердегі өзендер мен ондағы балық ерекше қорғауға алынған. Өйткені тау өзендеріндегі басқа үлкен балықтар қоректенетін таймень балығы осы жерде ғана бар.

Мамандардың айтуынша, Қызыл кітапқа енген таймень балығы Қазақстан бойынша бүгінде 2 тоннайдай ғана бар. Сондықтан бұл балықтың түрін сақтап қалу үшін осы салаға жауапты мамандар өзендерді әуеден де, жерден де үнемі бақылайды.

Ернар Усенов, облыстық ІІД табиғат қорғау полициясының инспекторы:

- Әуеден бақылаудың артықшылығы, бәрі алақаныңдағыдай көрінеді. Әсіресе таулы орман арасындағы жағдайды толық білесің. Сондай-ақ біз автокөлікпен де рейдке шығамыз. Ол үшін жол талғамайтын және суда жүзіп өтетін техника түрлері бар.

Жыл басынан бері әуеден бақылау кезінде 20-дан астам браконьерлік топ ұсталған. Нәтижесінде 60 тоннаға жуық балық, 3 мың шақырым ау және мыңдаған қармақ тәркіленді.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин  

Хабар 24 телеарнасы