387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андрей Мамыкин: Латын әріптерімен жазу ыңғайлы болады

  • 559
  • UPD: 22:51, 14.10.2017

Латын әліпбиі ыңғайлы әрі бірегей жазу жүйесі. Ол кез келген тілдің  барлық фонемалық бөлігін бере алады. Бұл туралы Брюссельде Еуропалық парламенттің депутаты Андрей Мамыкин мәлімдеді. Қазақ тілі тарихында латын әліпбиінің қолданыста болғаны белгілі.

Депутаттың айтуынша, латынға көшкеннен кейін қазақ тілінің оқылуы мен жазылуы сырттағы қазақ диаспорасына ыңғайлы болады.

Андрей Мамыкин, Еуропалық Парламент депутаты: 

- Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кез келген мәселені қазақи даналықпен шешетініне ылғи тәнті боламын. Ал қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне келетін болсақ, ол ең алдымен кезең-кезеңмен жүзеге асатынын атап өту керек. Екіншіден, латынша жазу кириллицаға қарағанда өте ыңғайлы. Өйткені классикалық латын әліпбиі кез келген тілдің барлық фонемалық бөлігін береді. Сондықтан болар көптеген тіл дәл осы латын әріптерін қолданады. Ал орыс және украин тіліндегі кирилл әліпбиінде адамдардың сақтап қалғысы келетін дәстүрлер бар. Бірақ қазақ тілінің тарихы өзгешелеу болды. Өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдары қазақ тілінде латын әліпбиін қолданған.

Хабар 24 телеарнасы