389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алғаш рет салық органы мен борышкер бітімгершілік келісімге келді

  • 606
  • UPD: 08:05, 15.10.2017

Оралдың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында алғаш рет салық органы мен борышкер бітімгершілік келісімге келді. Мұндай жағдай жалпы Қазақстанның сот өндірісінде бұрын-соңды болмаған.

Осыдан 2 жыл бұрын кәсіпорын банкрот деп жарияланған еді. Мемлекет алдындағы 1 жарым миллион теңге салығы өтелмей қалды. Енді дәрменсіз кәсіпорын басшылығы мемлекетке қарызын төлеуге дайын екенін жеткізіп отыр. Алайда бір шарты бар.

Оған сәйкес, банкроттық бойынша іс тоқтатылуы керек. Осылайша борышкер кәсіпорын мен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы арасында бітімгершілік келісім жасалып, оны экономикалық сот бекітті. Енді кәсіпорын қарызын біртіндеп төлейді. Сәйкесінше, банкроттық іс те жалғаспайды. Бұдан бөлек, экономикалық сотта жыл басынан бері 7 кәсіпорынның құқығы қалпына келтірілген.

Ерталап Есеналиев, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

-Бұларды банкротқа жіберсе, ештеңе жоқ. Барлық қарыз банк қарызы болады. Банк алады да, 1 млрд 800 млн теңге қарызы далада қалады деген сөз. Сондықтан біз оны жібермей отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы