388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 110 орындық ғимарат пайдалануға берілді

  • 1006
  • UPD: 08:50, 15.10.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында 60 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілген. Ал Шымкентте №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді.

Мұнда 18 жастан асқан психо-неврологиялық аурулары бар І және ІІ топтағы азаматтар арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдаудың артатынын жеткізді.

Осы мақсатта жыл сайын жергілікті бюджеттен 9 миллирд теңге қаржы бөлінеді. Өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 119 мың адамды құрайды. Оның 15  мыңнан астамы созылмалы жүйке ауруларына шалдыққандар.

Ал еңбекке жарамды 40 мың азаматты жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында 526 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 633-і уақытша жұмысқа жалданған.

Мұхит Отаршиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

-Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 200 орындық оңалту орталығын салу жоспарланып отыр. Келесі жылы. Осы бойынша облыс әкімі тапсырма берген болатын. Бұлда облысымызға үлкен жетістік болар еді. 

Хабар 24 телеарнасы