385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-қырғыз шекарасында соңғы тәулікте 13 заңбұзушылық ісі анықталған

  • 551
  • UPD: 17:21, 15.10.2017

Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша жоспарлы шекаралық операция басталғалы бері қазақ-қырғыз шекарасында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып отыр.

Бүгінгі таңға дейін мемлекеттік шекараның қазақ-қырғыз бөлімінде бірқатар заңбұзушылықтың анықталғаны белгілі болды. Мысалы соңғы тәулік ішінде тексерілген 131 көлік құралының он үшінің заңды өрескел бұзғаны анықталды. Оларға заң талаптарын сақтамағаны үшін 285 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар жолаушылар тасымалдау үшін тұрақты рұқсаты жоқ бір автобус айып тұрағына қамалды. Оныншы қазаннан бастап Қазақстан - Қырғызстан шекарасында ветеринарлық бақылау күшейтілген. Қазіргі кезде 6 ветеринарлық бекетте 32 инспектор жұмыс істеп жатыр. Ал 13 қазан күні Қарасу бекетінде ветеринарлық ережені бұзғаны үшін бір автомашина ұсталып, оған айыппұл салынып, жүгі кері қайтарылған. Бұдан өзге салмағы 2 жарым тонна болатын арнайы белгісі жоқ ауылшаруашылық тауарлары ұсталды. Бұл ұлттық заңнамамен қатар Еуразиялық Экономикалық одақтың да талаптарын бұзу болып саналады. Жалпы бұдан басқа да заңбұзушылықтар тіркелген.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай қалыпты. Бақылау күшейтілгенімен мемлекеттік шекарадан өтуге ешқандай шектеу жоқ.

Хабар 24 телеарнасы