384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да ауыл еңбеккерлері марапатталды

  • 509
  • UPD: 17:23, 15.10.2017

Шымкентте өткен «Алтын күз» мерекесіне Төлеби ауданының диқандары 22 тоннадан астам өнім алып келді.

Ала жаздай еңбек еткен шаруалардың жиған-тергені жәрмеңкеде сатылды. Бұл күні үздік ауыл еңбеккерлері марапатталды. Фестиваль «Сірге мөлдіретер» дәстүріне ұласты. Онда қонақтарға дәмі тіл үйірер Диханкөл қымызы мен аспаздар дайындаған ас тегін таратылды. Іс-шара «Төле би барысы» облыстық ашық турнирімен жалғасты. Сондай-ақ балуандардың «Марқа көтеру» сайысы мен мергендер жарысы ұйымдастырылды.

Мұхтар Өсербаев, Төлеби аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

– Аудандағы биылғы өнім 70 миллиардтан асып жығылады деген ойдамыз. Соның ішінде шағын және орта бизнестің үлесі 60 миллиардқа дейін барады. Өнеркәсіп үлесі 27 миллиард деп отырмыз. Қалғаны ауылшарушылық үлесі. Мал шаруашылығының ішінде қазір жылқы өсірудеміз. Қымыз өндіруге сұраныс көп болғандықтан, соған бет бұрыс жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы