387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиндық тілшілер бизнес журналына Қазақстан жайлы 190 беттік эксклюзивті ақпарат дайындаған

  • 845
  • UPD: 22:41, 15.10.2017

Нұрсұлтан Назарбаев туралы қызықты мәліметтер, Қазақстанның туристтік бағыттары, табысты бизнестің тарихы, сараптама және ЭКСПО-2017 көрмесі.

Украиндық тілшілер осындай тартымды тақырыптарды қамтып, бизнес журналдың бір санын бастан-аяқ біздің елге арнапты. Бір ай бойы баспа тобы Қазақстанда жұмыс істеп, сарапшы, талдаушы және мемлекеттік қызметкерлермен тілдесті.

Журналдың толық бір санын қазақ еліне арнау идеясы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанаға алғаш аяқ басқан осы басылымның шеф-редакторы Татьяна Люлькаға тиесілі. 8 украиндық тілші еліміз жайлы 190 беттік эксклюзивті ақпарат дайындаған. Оның 40 беті көрме жайында. Яғни халықаралық шараның тарихы, ЭКСПО басқарма төрағасымен сұхбат, кешендерге шолу және қызықты мәліметтерден тұрады. Сондай-ақ тілшілер екі елдің қарым-қатынасы жайында Қазақстанның бизнес өкілдері және украиндық кәсіпкерлермен сұхбатын жариялаған.

Татьяна Люлька, Community журналының шеф-редакторы:

– Басылымның бұл саны басқаларына қарағанда сараптама және мазмұнды сұхбатпен ерекшеленеді. Украинада осы журналды оқыған адамның Қазақстанға баруға деген ынтасы арта түсетіні анық. Ал қазақстандықтар өз елінің жетістігіне қуанып, мақтаныш сезіміне бөленетіні сөзсіз.

Басты мақсат – Қазақстан туралы ақпарат беру ғана емес, оның әлеуеті мен даму векторын көрсету. Бизнес үшін мұндай ресурс – іс-қимылға арналған нұсқаулық іспеттес.

Самат Ордабаев, Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

– Журнал Қазақстанның мүмкіндіктері жайлы ауқымды ақпараттар дайындаған. Жасыл экономиканы іске қосу, көлік, жоғары технологиялар және экономиканы цифрландыру саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер берілген.

Евгений Охрименко, кәсіпкер:

Қазақстан Азияға жол тартар тікелей есік. Сондықтан ел нарығында көптеген украиналық компаниялардың болуы қалыпты жағдай. Бұл құрылыс, ақпараттық технология салаларында қарқынды дамып келе жатқан қызықты нарық.

Бұл Татьяна Люлканың ауқымды жобасының үштен бір бөлігі ғана. Сондай-ақ оған тамыз айында Астанада алғаш рет ашылған бизнес-клуб және «балалардың мамандықтар қаласы» да кіреді. Енді бұл бастамалар Қазақстанда тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Тіпті жақында жобаның елдегі өкілдігі де ашылды.

Архат Саябаев, Community.KZ қоғамдастығындағы басқарушы серіктес:

– Келесі жылдан бастап «мамандықтар қаласын» төрт қалада, яғни Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкентте жүзеге асыруға кірісеміз. Сол сияқты маркетинг, PR-қызмет көрсету саласында кәсіпкерлерге қолдау көрсететін бизнес-клубта өз жұмысын бастайды.

Украинада бұл жоба бес мыңнан астам кәсіпкерді қамтиды. Олардың көпшілігі Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі. Енді екі елдің бизнесі бірлескен жобаларды жүзеге асыратын тиімді алаңға айналуы тиіс.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы