376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индустриалды Астана: «Funke Kunststoffe» зауыты жылына 7 мың дайын өнім шығаруға қауқарлы

  • 784
Индустриалды Астана: «Funke Kunststoffe» зауыты жылына 7 мың дайын өнім шығаруға қауқарлы astana.gov.kz

«Funke Kunststoffe» ЖШС неміс технологиясымен пластикалық профил шығарумен айналысады.

Шағын зауыт 2013 жылы ашылған. Қазақстан нарығында 5 жыл жұмыс жасап келеді. Профиль шығаруға қажет барлық керек-жарақ Германиядан әкелінген. Яғни сол жақта жұмыс жасап тұрған зауытты бар технологиясымен Қазақстанға көшіріп әкелген.

Зауыттың толық қуаты жылына 7 мың дайын өнім шығаруға қауқарлы. Бірақ қазіргі кезде зауыт толық қуатында жұмыс жасап тұрған жоқ. Бүгінгі күні зауыт жылына 5 мың тонна дайын өнім шығару қуатымен жұмыс жасауда.

- Зауытты 2013 жылы аштық. Келер жылы ашылғанына 5 жыл толады. Бірақ бұл зауыт үшін, бизнес үшін өте аз мерзім. Дегенмен біз Үкіметтің, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен осы уақыттың ішінде мол жетістікке қол жеткіздік. Қазақстан нарығында 5 жыл жұмыс жасаудамыз, дейді бас директер Егор Херляйн.

Профиль шығаруда неміс технологиясы толық сақталған. Дайын өнім шығаруға қажет шикізат шетелден жеткізіледі. Оның ішінде шикізаттың 70 пайызы Германиядан, қалған 30%-ы басқа елдерден. Зауыт толық автоматтандырылған. Өнімнің барлық шығарылу барысы көз алдыңызда жүріп жатады.

- Ашылған кезде шетелдік мамандарға тәуелді болдық, зауытта солар жұмыс жасады. Бірақ бірте-бірте оларды жергілікті мамандармен алмастырдық. Әрине, Қазақстан азаматтарын оқыттық, ал зауытта жұмыс жасаған шетелдік мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, білгенін үйретті. Осы күні зауытта өзіміз оқытқан 15 маман жұмыс жасайды және зауыт қазіргі таңда шетелдік мамандарға тәуелді емес. Тек олар келіп-кетіп оқытып, тәжірибелерімен бөлісіп, сапаны қадағалайды. Ал зауыт барлығы 70 адамға жұмыс беріп отыр, дейді бас директор Егор Херляйн.

Зауыт өнімі Қазақстанмен қатар таяу шетелгеде сатылады. Атап айтсақ, Ресей, Қырғызстан. Зауыттың дайын өнімін осы елдерде сатумен айналысатын өкілдері бар. Дайын өнімге ішкі нарықта сұраныс жоғары. Ендігі мақсат зауыттың толық қуатта жұмыс жасауы үшін компания келер жылдан бастап экспортты арттырмақ.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы