384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 628
Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды dolmedia.ru

Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

Күндіз 17 қазанда Қызылорда облысында жаңбыр жауады. 18 қазанда жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Батыстан соққан желдің екпіні 23 м/с-қа күшейеді. Күндіз 18 қазанда ауа температурасы 5-10, кей жерлерде күрт 15 градус жылы болады.

18 қазанда тәулік бойы, 19 қазанда түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр жауып, соңы қарға ауысады). 18 қазанда күндіз, 19 қазанда түнде жаңбыр жауады. 18 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді, ауа температурасы 5-10 градус жылы, кей жерлерде 15 градус жылы болады.

18 қазан күндіз, 19 қазан түнде Жамбыл облысында жаңбыр күтіледі. 18 қазан тәулік бойы, 19 қазан түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с-қа күшейеді. Күндіз ауа температурасы 10-15 градус жылы, кей жерлерде сынап бағанасы 7 градус жылыны көрсетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы