376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық гимназияның түлектері өздері оқыған мектепке мехатрон жабдығын сыйға тартты

  • 674
Елордалық гимназияның түлектері өздері оқыған мектепке мехатрон жабдығын сыйға тартты astana.gov.kz

Оқу орнының танымал түлектері туған мектебіне жаңа оқу құрал-жабдығын сыйлады.

Түлектер тобы астаналық № 6 гимназияда қонақта болып қайтты. Олар кезінде республика бойынша ең бірінші мехатроника мен робототехника сыныбын өздерінің қолдауымен ашқан болатын. Гимназияның педагогтарымен, оқушыларымен кездесуге Ә.Жақсыбеков, С.Жақсыбеков, А.Сухоцкий, Н.Тихонюк, С.Фомичев, М.Чирков келді.

- Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай, өздері туып-өскен, білім алған туған өлкесіне көмек беру туралы мәселе қарастырылған. Мен де сіздердің бізден үлгі алып, жолымызды жалғастыратындарыңызға сенімдімін, – деді гимназия түлегі ҚР Президент Әкімшілігінің қазіргі басшысы Әділбек Жақсыбеков оқушыларға қарата айтқан сөзінде.

Мемлекет басшысының идеясын қолдаған түлектер тобы туған мектебіне заманауи жаңа мехатрондық оқу құрал-жабдығын сыйлады.

Мехатроника – қазіргі таңда электронды-есептегіш техниканың дамуын анықтайтын, яғни интеллектуалды машина жасауға басымдық беретін сала. Ол өзіне механика, микропроцессорлық техника, информатика, электроника және машиналар мен агрегатты қозғалтуды компьютермен басқару ісін біріктіреді.

Астанадағы №6 гимназияға орнатылған жабдық пневматиканың негізгі принциптерін, ауаның ерекшелігін, ал физикалық негіздегі көлемін, қысымын, күшін, сондай-ақ заманауи деңгейде механизмдерді бағдарламалаудың негізін де үйреніп, зерттеуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында №6 гимназия мен Астана қалалық Политехникалық колледжі арасында мехатроника бойынша оқитындар арасында жарыстар мен олимпиадаларға қатысу, оқушыларды кәсіби бағытқа даярлауды жүргізудегі әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы