389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңсыз тауар тасымалына тосқауыл қойылды

  • 1010
  • UPD: 22:14, 16.10.2017

Соңғы бірнеше күнде қырғызстандық саудагерлердің еліміз арқылы асырмақ болған 8 бірдей заңсыз тауар тасымалына тосқауыл қойылды.

Бұл туралы Алматы қаласы мен облысының шекаралық бекеттеріндегі контейнерлік тексеру барысында белгілі болды.

Атап айтсақ, Қытайдан өз еліне тауар әкеле жатқан қырғызстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақ талаптарын орындамаған. Мәселен «Алтынкөл» шекаралық бекетінде жалпы салмағы 13 жарым тонна болатын киім-кешектердің декларация құжаты жоқ екен.

Осыған байланысты кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ тағы бір саудагердің кедендік төлемі мен салығы аз металл радиаторларының орнына қомақты баж салығы төленуі тиіс алюминий радиаторларын тасымалдап бара жатқаны анықталды.

Сәйкесінше, оған да қарсы экономикалық контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы тауарлардың заңсыз тасымалы  Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті деңгейде дамуын тежеп отырған түйткіл. Одаққа мүше елдердің көшбасшылары бұған дейін осы мазмұндағы пікірлерін бір емес, бірнеше мәрте айтқан.

Ресей басшысы Владимир Путин: «Контрафакт және контрабанда заңды түрде жұмыс істеп жүргендерді қолдау мақсатында қабылданған мемлекеттік шараларды тиімсіз етеді. Нарықтың үштен бір бөлігін заңсыз өндірілген және заңсыз кіргізілген тауарлар құрайды. Бұлөзекті мәселе», дегені бар.  Ал Беларусь Президенті Александр Лукашенко биік мінбенің бірінен: «Еуразиялық экономикалық одақтың нарығы жекелеген елдің нарығы емес. Ең бастысы осыны түсінуіміз керек. Бұл ортақ нарық және оны дамыта отырып, біз кез келген санкцияларға төтеп беріп, экономикалық текетіресте жеңімпаз бола аламыз», – деп мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы