386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазан айының ортасында ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін

  • 1286
  • UPD: 20:11, 17.10.2017

Биыл қыс ерте түседі.

Әрі қар қалың жауады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте синоптиктер мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қазанның 17-28 аралығында түнде сынап бағанасы күрт төмендейді. Кей өңірлерде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал қарашада ауа райы тұрақсыз болады. Күздің соңғы айында аяздың ызғары сезіле бастайды. Әсіресе, солтүстік өңірлерде түнде 15-30 градусқа дейін суытуы ықтимал. Ал оңтүстікте 5-15 градус нөлден төмен болады.

Гүлмира Ақышева, Ауа райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы:

– Тұрақты қар жамылғысы еліміздің солтүстік жартысында қарашаның ортасында байқалса, еліміздің оңтүстігі мен батысында желтоқсанның екінші жартысында күтіледі деп болжанып отыр. Желтоқсанда еліміздің шығысында Арктикадан келетін суық ауа массаларына байланысты суы әрі қар көп жауады. Ал батыста керісінше жылы әрі қар аз жауады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы